
Добавить В библиотеку
Қорасан қарақшының қолмергені
Автор:
Год написания книги: 2017
Тэги:
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля

Баянғали Әлімжанов
Қорасан қарақшының қолмергені
Поэма
Қамаудағы қадамдар
Абақты,Алты қадамАрлы-берлі,АуырлықҚайысқандай нардың белі,ЖалғандыЖалпағынан басқандарға,СезілгенДүниенің тарлығы енді.АрасыАлты қадамТөр мен есік,Көкірек қысыладыКелген бөсіп,ТорлаулыТерезенің ар жағында,ТұрлаусызУақыт ойнар желдей есіп,ҚұдайдыңҚұдіретіне күмән бар ма,Ұрыға,Қарыға да берген несіп,Алты адымАрлы берліҚас қағым сәт…ШамасыОсындай жолКөр мен бесік.ЖастықпенБіреу түссе басы айналып,Бел байлапБіреу қылмыс жасайды анық,ӨшігіпӨмір бойы өтсе біреу,БіреулерӨкінеді кеш ойланып,АзаптыАдымдарды есептесең,Жер шарынШығар екен неше айналып?!Төрт тарапТұтқын үшін төрт қабырға,ТелміріпКелетіндей көп сабырға,КөңіліКүллі әлемді кезетіндей,Үгіліп үнсіз үміт…Жоқ дабыра!***ҚамаудаҚырық адам,Құжынаған,Тыным жоқШыбын жанға ызыңдаған,Қырықтың бірі қыдырДеген қайда,Кім қане,Қан мен жаны бұзылмаған?***Бұлар даКеше кісі саналыпты,ЖамандықЖылдар бойы жамалыпты,Сыя алмайДүниеге жойқындарың,АқырыҚараңғы үйге қамалыпты.ҚамаудаҚилы тағдыр топтасыпты,ҚейбіріТалай мәрте соттасыпты,Сыр шертіп,Шер тарқатып жатқанда жұрт,Жас жігітШайнайды үнсіз ақ қасықты,Кәдімгі жастарға тәнТөбелесте,МастықпенОн тоғызда от басыпты.Ауылдан,Ақ самалы аңқылдаған,Доп қусаЕртелі – кеш алқынбаған,Балтабай,Орта бойлы, шымыр, шапшаң,Серпінді,Жас қайыңдай солқылдаған.Қап-қараҚайғы тұнып көздеріне,Күрсініп,Тұншығардай өз деміне,Кей-кейде қайраттанып,Қайрап өзін,Жұрттың даҚұлақ түрер сөздеріне,ТағдырларКейде жынды, кейде мұңдыСыяр маПенделердің безбеніне!?Жынды пышақ
Бір мұжық,Әкесімен ішкен арақ,Мас болып,Жанжалдасып, іскен қабақ,Аузынан пергенде әке,Қызыл қан боп,Сау еткенТісін бала іштен санап,ДесанттыңӨткір құрыш қанжары екен,ҚолынаЖанталаста түскен жарақ,Әкесі қашқан кезде,Қас жауындай,АртынанЛақтырыпты күшпен қадап.***Кірш етіпЖон арқасын тесіп өткен,ҚұлағанБайғұс әке осы бетпен,ӘйтеуірТірі қапты емханада,ТүрмегеТүскен бала есі кеткен.Тентек суСорлатпаған кімді тұсап?Сөйлейді,Айыққан соң, мұңды құсап:– Апырмай,Қайда,Қалай лақтырсаң даҰшыменҚадалатын жынды пышақ!Жұрт оған күледі кеп:– Неткен пышақ!ӘкеңдіӨзі қуып жеткен пышақ,ӨкпесінТесіп өтіп, қан жұтқызғанКөргенсіз,Бетіменен кеткен пышақ!ОсылайЕсер ұлды оспақтайды,Өкініп,Ол шекесін тоқпақтайды,СойқандыКешіріпті әке жылап,ТергеушіІсті бірақ тоқтатпайды,СілтегенСуық қару сұмырайдыБес жылғаҚалай ғана соттатпайды,Алайда,Шын әділет сорлы әкеге,БаласынСірә, бұлай жоқтатпайды!Автотұрақтағы ажал
АшуменТалай маңдай жар соқпап па,АқылменБолмай ма оған салсақ ноқта?ТұрақтаСөзге кепті екі жігіт,ЖолыққанТау текедей тар соқпақта,Жолға даКөшедегі таласамыз,Қайтер ек,Қатарласып қонсақ таққа?ҮлкеніКішісіне келген қырын,КішісіҚайдан білсін оның сырын:– Сен кімсің, әй, боқмұрын, —Дейді зекіп,-ӨтетінМына жерден менен бұрын?Бұр былай,Босат маған дереу жолды,ҮлкенніңЖолын кесу – жаман ырым!– Күн сайынКөріп жүрміз біз мұндайды,ШегінуМенен гөрі сізге ыңғайлы,Сәл шегіне тұрсаңыз,Кетем өтіп,ҚаладыЖол сізге, – деп жымыңдайды.ҮлкеніҚып-қызыл боп кеңірдегі:– Кет, былайТапап өтем сені! – деді,ҚарамайКішісі де бет-жүзіне,ЛақтырдыКүл-қоқысын көңілдегі!Қаһарға мініп үлкенБұра тартқан,КөлігінАпыл-ғұпыл тұрақтатқан,КішкентайАйбалтасын алып шығыпБасынанБозбаланың бір-ақ шапқан!ОсылайБейтаныстан жаңа көрген,ҚапыдаҚанға батып қала берген,Ес-түссізҮш күн жатып есіл жігіт,АқырыАмал бітіп, арам өлген!ҚоздырыпЖастық оты делебесін,Жан бар ма,Көрмеген ер төбелесін,Бірақ та,Шектен шығып, қан төгугеБарады дәті қалай,Неге,Не үшін?!КесіптіҚанішерге сегіз-ақ жыл,Дегендей,Тағы да қан төге берсін!Қарақшы Қорасан
ҚаймықпайҚараңғыны тіліп өткен,Қыр ассаҚалталыны дірілдеткен,Қарақшы,Қырық асқан, қырма сақал,ҚасқырдайСөйлегенде қыр-қыр еткен,ЖігіткеСүйеніш боп шыға келдіЖаутаңдапЖан-жағынан демеу күткен.ҚаусатқанҚалың топты қара батыр,Болғанды жолға бөгет,Жарады ақыр,КурортқаБет алғандай қарқ-қарқ күліп,ЗонағаАлтыншы рет бара жатыр.Қорасан,Аты жұмбақ,Алпамсадай,БолардайҚуатынан талқан сарай,АруағыАр жағынан түртіп тұрса,ЖүредіҚалай тыныш, талтаңдамай.Қайратты,Ұзын бойлы, кең иықты,Сан мәртеБұзып өткен тар ұйықты,Қажырлы,Қатпары мол, ықпалы зор,ҚорасанЖас жігітті сөзге ұйытты,БалтабайОған сырын шертті бірде,ТыңдадыҮнсіз көкжал кермиықты.Балтабайдың Қорасанға шерткен сыры
АуылдыңЕркін өскен баласымын,Ат мініп,Желден ұққан дала сырын,АпаттанӘкем жастай қайтыс болды,Жалғыз менАлданышы анашымның!КердеңдепКеуде қағыпІсіп баққан,СаунадаАунап-қунап ішіп жатқан,Бір дөкейМас күйінде рөлге отырып,КөлікпенКөшеде екі кісі қаққан,ОсылайМенің әкем опат болып,Біздің үйЗар еңіреп, қанға батқан,Сол дөкейБіраздан соң босап шықты,ПараменҚанды жуыпІсін жапқан,ЖанымдыЖейді келіп ауық-ауық,Шер-шеменБала күннен іште қатқан!***Сонда да қудық арман,Жалын, өрттейОқуға түсе алмадымБалым жетпей,МайтабанТобанаяқЖарамсыз деп,ӘскерденҚала бердім тағы да өтпей.Ер жігітЖүргені жөн әр қияда,Барғым кепКөппен бірге әрмияға,ӨтіндімӘпесерден әскерге алсаң,Ел үшінДайынмын деп жан қиярға!«КросстаКемдік қылса майтабаным,КүрестенЕсесін мен қайтарармын,МысықтайҚараңғыда өткір көзді,МайдандаМайтабаның айтар әнін.ТүсіремТөбелессем шөкесінен,ҚасиетҚұдай берген төтесінен,КөздемейҚағып түсер қолмергенмінШымшықтыШырқап ұшқан шекесінен!»СардарымДеді сонда, сұсты аңғарта:«ҚалайшаҚалдырмақсың дұшпанды артқа?ЖаныңдыЖылы жерде күткенің жөнСолдаттықСай емессің стандартқа!»БасымаТуғандай боп ақырзаман,ҚалайшаБіз кембіз деп, батырлардан,НамыстанӨлердей боп үйге келдім,Жарамсыз,Дімкәс деген аты жаман!АнашымОтыр екен тілеп іші,АдамныңБолса да бір жігерлісі,ҚуандыКөз алдымда жүрші аман деп,КелмейдіМені ешқайда жібергісі.Ауылым,Алтын бесік, құт мекенім,Білемін,Бұл сөзді әзір жұрт кекерін,ҚамкөңілХалық отыр қалт-құлт етіп,СыпырыпӘкеткен соң жылт етерін.Жұмыс жоқ,Жүргеніміз құр сенделіп,ЕшкімгеПайдамыз жоқ бір теңгелік,Қысыр сөзҚылжақ күлкіҚарт пен диван,Бір үмітКөтерердей ертең келіп.СондықтанЖиі-жиі болар жиын,ТойлайдыАлса біреу тауар, бұйым,Жу,жу деп зуылдайдыЖелөкпелер,Қаптайды шегірткедей,Солар қиын,Жай кездеАқша жоқ деп жылап жүріп,Ішуге,Жерден қазсын, табар тиын!АйтадыҚамкөңілдер қайда назын,БоладыБағы тайған майға жазым,ҚұрдастарҚияли боп, бір-біріне,ЖуғызбақБолған тіпті жайнамазын!Ағайын,Көрші, қолаң,Қолдан қорек,Іздеген,Тарау-тарау жолдар бөлек,Ауылдың бір бөлегіНамаз оқып,Бір тобыБас жазумен болған әлек!ҮйрендікӨстіп ептеп ішкілікті,Алданыш,Ұмыттырар күйкілікті,ҮйлендімБірге оқыған жақсы қызға,АуылдаҚалатын боп түпкілікті.ҚараулықКөрсем қаным қызатұғын,ТанауынТәкаппардың бұзатынмын,Дөкірлік,Кесірлікті беттен қағып,ӨкіртіпӨсекшіні ұратынмын.Кектесіп, беттескендіКертіп ұрдым,Егескен спецтердіСерпіп ұрдым,Жамандық атаулығаЖыным ұстап,ШермәштіШекесінен шертіп ұрдым.КелмедіӘлсіздерді өкпелеткім,ҰстадымСертін мықты жекпе-жектің,БіреудіЕкеу болып сабамадым,Бас салыпЖығылғанды тепкен жоқпын.Тентек депТөбелескіш даңқым шықты,СанастыМеніменен жалпы мықты,АлыптарАты шулы аймақтағы,Құрметтеп,Құйды маған жартылықты.Бір күніКөрші ауылға тойға бардық,АқырыНе боларын ойламадық,ШарапқаҚызып алған өрім жастар,Би билеп,Тайдай тулап тайраңдадық.Той қызықАуылдағы, палаткада,Қалтарыс,Қора-қопсы – шарапхана,БұрыштаЖастар шыны шылдырлатса,КүрсініпШалдар өтер қарап қана!Беу, жастық,Бір-ақ аттар бел – белесті,ГулетіпТой көрігін кеу-кеулесті,Бір жігітДойман қара билеп жүріп,БізбененҚайра-қайра ерегесті,ҚаңғырыпБасқа ауылдан кепсіңдер деп,ӘдетпенҚағынады елдегі ескі,ҰқпайдыҰят-аят, қой дегенді,АқырыБастап кеттік төбелесті.АрақтанЖайылған у айналды отқа,АяғыТойдың болды ойран-ботқа,АғайынАйналайын, қой дегенмен,Өңкей масҚыстыра ма ойбайды артқа,ҚиқулапҚайрайды кеп қайманалар,Айғаймен май құйғандайМайдан – отқа,АянбайҚойғыласып бір-бірімен,ҚанатынОй мен қырға жайған топта,ТаяқтыТалмай сілтеп мен де жүрдім,ҚаймықпайҚарсы шауып дойман доққа,Қайраты,Мейманасы тасқанымен,ҚапысынТабар оның хайлам жоқ па,МаймылдайМаймаң етіп, тайқып кеттім,ҚабандайАйыр – азу салған уақта,ҚайқайтыпҚақ маңдайдан пергенімде,ТайшадайДомалады тайған боққа,АйырыҚолындағы қайырылып,БайқамайМайлы қарнын сайған уақта,АуызыАйға қарап қала берді,ДегендейАйықтырар айран жоқ па,ЖайындайҚайраңдаған абайламай,ТағдырымОсылайша байланды оққа!ТарадықБіраздан соң жын басылып,ҚырғындыҚала берді түн жасырып…Үйімде жатыр едім,Келді жетіп,Қос бірдей қызыл жаға,Күнге асылып!Сұп-суық погондарыКөзді қарып,Бас қаңғып,Ес қалмаған сөзді ұғарлық,Бір ожауСу ішкен соң түсінгенім,Кетіпсің,Дейді дәуді, өзің жарып,Зырқ етіпЗәр түбіне зәрем кетті,ТордағыБозторғайдай біз бір ғаріп,Айдауыл алдына сапӘкеткенде,Анам менҚалды әйелім мұзға оранып.ТергеушіҚатал екен табандатқан,ТағадыМаған айып батпан, батпан,Бір болғанАуылдасты жиып алып,Қорқытып,Қысып әбден,Амал тапқан,СендердіСоттамаймыз дегеннен соң,Барлығы бас сауғалап,Маған жапқан!Шіркін-ай,Талай достар іштерінен,ДықтаныпЖүреді екен тістенумен,ТүңілдімМен туралы түсінігін,КөргендеТергеушінің үстелінен.Бастаған төбелестіМен деп жазған,МінімдіЖіпке тізіп ел боп жазған,– Мінеки,Барып тұрған ит екенсің, —Деп күлдіМайор істі тергеп, қазған.«ШамынаТиеді тез сынның тезі,КірмейдіҚұлағына мыңның сөзі,Қияңқы,Пияңкіге ұйтқы болған,БайлаусызҚызыл көзді жынның өзі,БұрқырапБұл көшеге шыққан кезде,КетедіБұлтқа кіріп күннің көзі!»Үйір боп,Береді екем бұзыққа дем,БүліктіСалады екем қызыққа мен…ОсылайСеніп жүрген қимас жұртым,БетімненБір-ақ тартты сызықшамен!Күйдіріп,Тірі өлтірген ел бағасы,СекілдіТергеушінің қолағашы,ҚұдасыЕкен және дөй қараның,АудандықСотымыздың төрағасы!Ол дағыҚызыл майдан тойда болған,Қырғынды көзбен көріп,Ойға қалған,Қазық қыпҚағамын деп қара жерге,КектенгенМен сорлыға қолға қонған.ОрындапЖан әкемнің аманатын,ЖолындайКелешекке жалғанатын,АлаштыңАзаматы болсам деуші емАзамат сотталушы…Алған атым!Қор қылып,Төмендеттім анам басын,ТөбемдеОйнақтады замандасым,ҚылмыстыҚаршадайдан жек көруші ем,ТүрменіңТаттым міне баландасын!ОсындайБолды ма екен бұрын да адам,Жоқ әлдеБұзылды ма бүгін ғалам?ҰғатынЖан бар ма екен бұл жалғандаЖанымдыБайыз таппай шырылдаған!Кім білсін,Болғанымда алымдырақ,КөлімдеКөктер ме еді қалың құрақ,Ол рас,Жастық – мастық, жазығым бар,ҚылмыскерЕмес менің жаным бірақ!Қорасанның Балтабайға шерткен сыры
КөздеріШыға жаздап шарасынан,Толғанып,Жас жігіттің наласынан,ШылымынҚұшырлана бұрқыратып,БұлдырапҚою түтін арасынан,ҚорасанСөз бастады: «Еш бір адам,ТумайдыҚарақшы боп анасынан,ҚылмыскерСезінбеймін мен де өзімді,Алты ретӨтсем де сот сарасынан!Мен дағы сәби едім,Мөлдір едім,ӨміргеҒашық болдым, елжіредім,Керемет істер жасап,Ат шығарып,ЖаулағымКелді жастай ел жүрегін.ЖастықпенЖалындадым, асып-тастым,ЖандырыпІшін талай дос пен қастың,ЖаяулапЖер-жаһанды кезіп кетіп,Келетін ғарышқа ұшып,Мұхит асқым!Махамбет,Робин Гуд пенЧинга Чгук,КорсардыЖастайымнан шындап ұғып,Қаратқым келді әлемдіБір өзіме,Ең биік,Жан жетпеген шыңға шығып,Амал неКөп арманым көктей солды,ҚурадыҚатты қыста сынған шыбық.КеліптіБасқа уақыт, басқа қоғам.Бір-бірінБауыр сатып, дос та алдаған,ҚандасынҚылтасынан қырқып, шалып,Асуда тосып алып,Бопсалаған.Түлкі өмірҚанша қусам жеткізбеді,ТірліктіңТежей берді көп тізбегі,АқылыОқуды әрең бітіргенмен,Жұмыс жоқ,Төрт жылғы оқу ретсіз болды,Параға ақшам жетпей,Ең ақыры,ХақылыҚызметке де өткізбеді.Бір дөкейТуралатып тез бағасын,ОрнымаҚабылдатты өз баласын,Алматы алпауыт қой,Ақшасыздың,АяусызДомалатар қожға басын,ҚаладаҚаңғып-қаңғып, үйсіз-күйсіз,БабамныңҚайта таптым боз даласын.АлматыАрман қалаАлма бағы,АтыңдыӘлі де жұрт малданады,Бұл күнде ығы-жығы,Тынысың тар,ҚолқаңдыЫс пен түтін қармап алды,БіздергеБұйырмады бір бұрышың,Жас өркенЕнді қанша алданады?ЖүрегімСуық сорып, мұздай бердіПәтерде,Сыз едендіЖалдамалы.ҚиялданҚайран болмай жерге түстім,ӘкеніңСүрлеуіне мен де түстім,КенелмейКең әлемде ен байлыққа,ҚамыменКүнкөрістің кенге түстім.ОсылайӨлді арманым боқ басында,ТарихтыңЖазылмадым тақтасына,КөңілімКөкке қанша тартса дағы,ТірідейКірдім ақыр жер астына,ҚайлағаҚайратымды салдым сарқып,Жеті қатЖезқазғанның шахтасында.ҚаһарменҚопарғанда тар шахтаны,БелгісізМаңдай тердің қанша аққаны,Мардымсыз табан ақы,Жүйкені жеп,Тоздырып,Қанша жанды шаршатқаны!?ТойымсызӨндірістің жайынынан,ҚайыстайҚара нарлар қайырылған,Тас кенгеТас кенедей жабысқанда,АлмастайҚұрал – сайман майырылған,ЖұтқаныСызды ауа мен улы тозаң,ЖасынанДенсаулықтан айырылған.БастықтыңҚұйылғандай бәрі мыстан,Сұп-суық,Жалт-жұлт еткен нағыз мыстан,Сылтау қыпШетелдегі шаруаларды,Сауна менСұлу іздеп сабылысқан,ҚайқайыпКеп тұрады қадағалап,Қампайып қарындары,Қағып ыштан,БейнеткеБелшесінен батып жүріп,Бес кеншіҚаза болды жарылыстан.Бес бірдейБір-ақ күнде көмді жанды,Әр үйгеБір миллион бөлді қаржы,ТеңгеменӨтелер ме өмір құны,АзаматОпат болды,Өлді, қалды!Қайтерсің,Көп қой тірлік сорақысы,ТажалдыңТұмшаланған тозақы ісі,Бір кештікКөжесіне жетпейді екенКеншініңӨлгенде алған көр ақысы!ОныменТіріле ме енді өлгендер,Кіре алмайТар забойға сенделді ерлер,Көз бар ғойКөріп жүрмізКердеңдейді,КөлденеңКөп табысқа кенелгендер,КеншініңБір айлығын бір-ақ шөлмек,ВискигеЖұмсайды екен кемеңгерлер!Бір күніБара қалдық ресторанға,ДастарханЖаймақ болып дос-жаранға,Үш жігітҮш қыз отыр көрші үстелде,КөңілдіАйтылуда тостар анда,Көл-көсір,Жорғалардың жанында біз,БәйгегеСекілдіміз қосқан арба!ОларменТаласатын шама бар ма,КірістікЕптеп үнсіз амалдауға,Мол қылыпТапсырысты біз де бердік,АрзандауАрақ-шарап, тағамдарға!Адам жоқТойханада бізден басқа,Ерлерде қалта жұқа,Түзде патша,Тартылып,Сымдай боп тұр даяшылар,Дегендей,Бізден қызмет, сізден ақша.Аздан соң,Қыздырдық кеп мәжілісті,АрақтыңҮйреншікті дәмі күшті,ТынымсызКөрші үстел де гүжілдейді,Байқасам,Вискиге мұз салып ішті,ДаяшыҚас-қабағын бағып тұрған,Бір кездеАс-табағын алып ұшты.Зырылдап,Қайта шығып, келді бізге,КөршілерДеді,виски берді сізге,Аң-таң боп,Қалсақ та әуел, тост көтеріп,ОсындайАлғыс айттық ерлік ізге!Қыздар даҚарай қапты, көзін қадай,ОтырмынТүп қалтаны өзім санай,Жүз мыңғаБір бөтелке виски алып,СыйлауғаШамамыз жоқ біздің ондай.ОсындайІшкендерде ізет деген,Ер жігітКіммен, қайда жүздетпеген,ҚолдағыАқ арақтан баса құйып,Ұсындық,Біз де сыйды құрметпенен.Қысқа қолСағымызды тұр сындырып,«Фу, гадость!»Дейді қыздар күрсіндіріп,Көсемі мырс-мырс күлді:«Мынаны да,ЖүрсіңдерҚалай ішіп, сусын қылып?!»«МеталдыңМагнаты мен,Даниялмын,Айдынды,Ағындаған дариямын,Ас түгілБастығыңды сатып алам!»Деп бұлғапКөк былғары әмиянын,Ашқанда,Дым білдірмей демеп қойдым:«Бар ғой деп Даниялым,Далиямын!»Ол да бірАсау екен ала қашқан,ҚиқуыЖерді тербеп, жарады аспан,Уыстап,Шашып-шашып тастай салды,Жап-жасылҚағаздарды санамастан.АқшаныңКөрінгесін кесектері,ДаяшыЛып-лып етіп есептеді,Еліріп,Есерленген алтауының,БолыптыБес миллион есептері.Бір кештеІшіп-жеуге кеткен шығын,ҚұнындайКешегі өлген бес кеншінің!ЕденгеЕрдің құнын төге салды,Осы маАсып-тасып жеткен шыңың!ЖастықтыңКүш-қуатын кенге төгіп,ТірідейДенсаулығын жерге көміп,ОқыстанӨле қалса апат болып,Өтірік аяғансып,Теңге бөліп,ӨздеріКердеңдеп жүр кең әлемде,Жақсы боп, көзге түсіп,Жемге бөгіп,Дарақы даңғазағаНе дер еді,Тіріліп келсе мұнда,Көрдегі өлік!?ӘнекиӨмір қайда, олжа қайда,ЖыныңдыҚай-қайдағы қозғамай ма?МыналарШайқап жүрсе дүниені,Мен негеЖан қинаймын тар забойда?!Құдай-ау,Неткен байлық, неткен ақша,СекілдіӨз қолымен еккен бақша,Көрер емОңды-солды шашқандарынБіз құсапТөккен қара термен тапса!ҚозғалдыЕскі кегім, қаным қайнап,Олар мәз,Қызып алған, гүл-гүл жайнап,ҮшеуінИегінен үш-ақ қақсам,Домалап,Дымы шықпай қалар жайрап,АқылымАр жағымнан тежеу салды,Іс қылсаңТастай қыл деп, бәрін ойлап.БасталдыДарақы би, қойындаспақ,Даниял: «Көрсек дейдіОйын бастап,Ұнап тұрМаған мына сенің қызың,ҮстінеБес мың ап, бер,Айырбастап!»«Көрсетпе, – дедім – мұндайМалдығыңды,Құп аларҚұл емеспін жарлығыңды,Есі жоқЕшкі құрлы секеңдеген,АлмаймынАйырбасқа қалдығыңды,Он мыңға алсаң берем,Басы бүтін,Өзің біл,Сарқып бітсең сандығыңды!»Мақұл депҚисалаңдап, қол алысты,ҚашандаШешеді деп доллар істі,Мысықтай монтанысыпМен де күлдім,ЖасырыпІшімдегі жолбарысты.Оп-оңайОған он мың қолақпандай,Он теңгеОйда-жоқта жоғалтқандай,ОсыныБір сор түртіп кезіктірді-ау,Қайтемін,Ебін тауып тонап қалмай!АйтпайдыІшкі сырын ақылды ашып,Данчо деп,Алдым оны жақындатып,«Билей бер,Мен ол қызды мәймөңкелеп,КелейінАйтқаныңды мақұлдатып.»Қуанды,Қалбалақтап жаны қалмай,КөрініпБөтен қыздың дәмі балдай…Сыр бермей қонақтарға,Шығарып сап,ОралдымҚараңғыда қабыландай.ЕсергеЕлеусіздеу ымдап едім,Алқынып,Жетіп келіп «шын ба?» деді,Ал, қане,Он мың доллар әкел бері,Күтіп тұр,Көніп сұлу, мұнда дедім.Көлпілдеп,Көлігіне әрең барып,ШығардыАқша тола сөмкені алып,БауырданПеріп-періп жібергенде,Бүк түсіп,Жатып қалды естен танып,ЖөнелдімСол бетіммен Ресейге асып,ҚисайыпЕнді жолым кеткені анық!АрманыБолып едім тәмам қыздың,Ел үшінКеліп еді қамал бұзғым,Тар жолдыТалайыма жазған екен,Амал не,Тайды үстінде табан мұздың,ТонауғаКірістім мен жемқорларды,Жалмауыз,Ынсабы жоқ, арам құзғын!Ащы түтін
Ар жағынАйтқызбай-ақ түсін, бала,Дегендей,Ишара ғып үнсіз ғана,ҚорасанҚорапшаға қолын салып,Сорды кепМахоркасын құшырлана,«Өз еркіңБолмаса да басы бүтін,ӨзіңдіӨзің қорға, жақсы күтін,Мынаны көрсең ептеп,Күш береді,БасадыАщы мұңды ащы түтін!»ҰсындыБалтабайға темекісін:«Көр, – деді, —Көңіл аулар кермек күшін,ДеміңдіІшке тарт та, ұста біразШыдап бақ,Сіңіріп ал керектісін!»КөрмегенӨмірінде шылым тартып,АузынаСалды бойын жылу шарпып,ӨзегінАщы түтін тіліп өтті,Қақалып, шашалды кепЖерді тарпып,АртыншаБуындары балбырады,Бір рахатКүйге кірді, бойы балқып.Бұлғаңдаған Бух
СизодаНеше түрлі отыр кісі,Бар оның көнтерлісі,Қотырлысы,Бух деген лақап аттыБір алпауыт,Ықпалды,Болмаса да нөпір күші.Өзі деБух дес Бух,Бұландай – ды,Жалғанда адам жоқтайБұдан майлы,ЖүргендеШайқатылып арлы-берлі,Қауын бас,Жуан мойны бұлғаңдайды,Жалмаңдап,Жер-жаһанды жайпап сөйлеп,ЖайылыпЖайын аузы ырбаңдайды,БухыңаҚаңбақ құрлы көрінбейді,Өзегін өзге жұрттыңБуған қайғы!ОншалықАйтпайды ашып шыққан ұлтын,Сипалап,Баптайды кеп мықтап ұртын,Дейді жұрт:«Әкесі анау, шешесі анау,»Қазақша судай бірақ,Қутың-бұлтың!ӨзгегеӨмірінде сыр ашпайды,ӨзіненӨзі күлер жыртың-жыртың!«Таңдаулы,Озық ойлы біз азданбыз,ТүнектеЖол көрсетер шырағданбыз,Біз үшінҰлт деген жоқ, дін деген жоқ,МировойКосмополит гражданбыз.СанатқаПатша қоспас пақырларды,ҚайтедіБайлар санап бақырларды,АйласынАсырады ақылдылар,Айдап сапБір-біріне батырларды.ҰшпаққаШығарады кейде лебіз,ДөкейгеЖағар сөзді дей береміз,Құртам депМына сендер бір-біріңді,Жүргенде,Біз үндемей жей береміз.Біз жеттікАқыл-ойдың озығына,Бұлар мәзБізден қалған тозығына,Кеп тұрғанАлданғысы аңқау елді,Апырмай,Алдамаудың өзі күнә!ӨзгегеБілінбейді ізіміз де,СүйкімдіКүллі жұртқа түріміз де,ТағдырғаАлғыс айтып отырамыз,ЖегізіпҚойған үзбей сізді бізге!»ОсындайҚұрдым ойлы, жылмаң, жылым,Ар жағыЖықпыл- жықпыл, бұлдыр, бұлың,Бух дегенБір ғаламат отыр мұнда,МаңынаҮйірілген аңғал құлын!Жөн сілтеп,Жауап берсе сұрағына,ЖанынаЖақындайды жырағы да,Ерітіп тәтті тілмен,Үйіреді,ТүрмелікТәрбиенің құралына,ҚоядыБастан сипап барлығын да:«СендердейЕлдің ерке ұланына,ҚарайтынБолса егер де қамқорлықпен,ТүрменіңТүбіне әкеп тығады ма?!»Болғанмен тілі – балдай,Ойы – заһар,Қауқар жоқОған қарсы тұрар мұнда,Не болмақУлы қоқыс төге берсе,БастаудыңМөлдір тұма бұлағына,ТағылықТәжірибе тағылымын,ТығындапҚұя берсе құлағына,БайқамайҚұрығына ілігеді,ДаланыңҚұлын түгіл, құланы да!Не түрліҚитұрқысын сот пен заңның,Сараптап,Шоттап құнын төккен қанның,ЖұмбағынМеңзеп қойса, тоқтайды жұрт,СөзінеОт пен судан өткен жанның!Өртелген өрен
Бес жігіт бір ауылда,Содыр, сойқан,Қорқаудай қорқыныштыБұжыр, бойшаң,Добалдай қол-аяғы,Өңкей палуанЖүріптіЕлді үркітіп қойқаң, қойқаң!ОларғаҚарсы тұрған еркі мықты,Ерді алдапҚазандыққа келтіріпті,Қапыда,Ебін тауып қарағұстан,СүйменменБір-ақ соғып өлтіріпті,ДенесінПешке тығып, көсеп қойып,Қарт ойнап,Арақ ішіп отырыпты.Күлі менСүйектерін қалған-құтқан,АуылдыңШет жағында қарға тыққан,ЕштеңеБолмағандай ойнап, күліп,СоғымдаҚуырдақ жеп, арақ жұтқан.Іздейді елБес күн бойы азаматын,АдақтапҚұда, жекжат, жамағатын,БалаларОйнап жүріп, бас сүйегін,Тауып ап,Елге айтады жаманатын!Жұрт шулап,Бүкіл аудан дүрлігеді,ҚармаққаҚылмыскерлер ілігеді,СүйменменСоққан жігіт мойнына алып,ӨлтірдімЕрегесеп мұны деді,Прокурор,Полиция, сарапшылар,Айғақтап,Айтқан сөзін тізімдеді,БіреуіКүйінді ме, өкінді меАсылып,Дымы шықпай, үйінде өлді,ОрмандаҚашып жүріп енді бірі,ҚаңтардыңАяз қысқан түнінде өлді,ТікелейКісі өлтірген қаныпезер,ТүрменіңОтыр міне, түбінде енді.Қайғысыз,Қарт соғады, қарқылдайды,ТамақтыОпырады, тарқылдайды,ДұшпандыЕлге шапқан жеңгендей боп,Сөйлесе,Батырсынып жарқылдайды,Кім білсін неге екенін,Тек әйтеуір,Бух оғанАқыл айтып балпылдайды:«Қорқпағын,Болмаса айғақ, куәларың,ШындықтыМойындамау- бұ да дарын,ТабандапТұрып алсаң, түк қылмайды,Тек қана сыр бермесінШыдап арың,ҚұдайдыңЖазуымен болса бәрі,СендердіңЖоқ,-дейді Бух, – кінәларың!СондықтанМойындама,Мойындама!Тергеу, сот,Құр әншейін ойын ғана,ӘуелдеШындығыңды айтып қойсаң,ҚұрдымғаКеттім-ау деп уайымдама,МәжбүрлепАйтқызды деп, бас тартсаңдар,Тоқтайды,Білем істің, жайын, бала,ЖабыңдарБәрін өлген екеуіне,Жол осы,Құтылатын дайын ғана!»ОсылайЖігін тауып, түбін жайғап,Берген соң,Айтар сөзін бірыңғайлап,ҚанішерСот болғанда өп-өтірікӨлтіргенМен емес деп тұрды сайрап!Қорқытып,Полицайлар ұрды деді,ТергеудіТеріс жолға бұрды деді,Өлтірген,Өртеген де ана екеуі,Куә бопМен амалсыз тұрдым деді,ӘуелдеМойныма алдым қорққанымнан,АйтамынЕнді сотта шынды деді,Ақыры,Адвокаттар әлгіні ақтап,ЖауызғаБар-жоғы алты жылды берді,ОсыншаӨтірікке жол беретінБіздің сотСонша сорлы, жынды ма еді?!Заң қайда,Ешкім жалған айта алмайтын,Әр кімніңЫрғауына шайқалмайтын?АйналыпКетер ек қой әділ соттан,ӘуелгіАйтқан сөзден қайтармайтын.Бұл өзі неткен тергеу,Неткен тәртіп,ӘркімніңЖетегінде кеткен тәртіп,УыстапҚызыл қанды тоймай ішкен,ҚанішерМұратына жеткен шалқып?!Басқа елге қаптай тонап,Топтап атқан,БүліктенБәрі шығар оққа батқан,ҚазақтаБірақ мұндай сұмдық жоқ —ты,Өлтіріп,Бірін-бірі отқа жаққан!Заман баБұзған әбден бізді лайлап,Аздырып,Үгіттеп ұл, қызды ыңғайлап,ҚалайшаМен бұлармен бірдеймін деп,Балтабай жейді жанын,Жыны қайнап.БіреугеҚара жерді жастандырып,ОнысынЕрлік көріп, мақтан қылып,Жер басып,Неге алшаңдап жүру керек,ҚанішерТойда мүжіп тоқпан жілік?!«ЗонағаОсылармен барады екем,Ақыры қарабет бопҚалады екем,Одан даӨлтіргенім жақсы еді ғойКөп болсаОн шақты жыл алады екем!»АртыншаШошиды кеп:» Шаламын, – деп,Анам бар,Жан-жарым бар,Алаңым көп!»ҚайрайдыӨзін-өзі: «Қайда болсын,Қайтсем деАдам болып қаламын деп!»Жәлептің жаласы
Жан білмес,Көктен әлде жерден ғайып,ӘйтеуірКетеді ерлер жолдан тайып,СармантайДеген боксер бірге отырды,ТағылғанҚыз зорлады деген айып.Шарболат,Шаршы алаңда зырлайтұғын,ҚолдарыҚақ сойылдай зулайтұғын,ТәртібінМәрт өнердің берік ұстап,Кіндіктен төмен қарайҰрмайтұғын.БередіБоркемікке беделді кім,Тер төкпейӨнер ашпас кемелдігін,ОлимпкеЕлдің туын көтерем деп,Күн сайынШыңдай берген шеберлігін.Әдепті,Сырбаз әрі сыпайы да,ЖарысқаБарған қыр мен қытайыңа,РингтеТалай мәрте толқып іштей,БайланғанТөрешінің ұпайына,ТүрмедеОтыр енді кіріптар боп,ТағдырдыңТура келген құқайына.СармантайЕлге ерке боп, бал ішіптіБір тойдаБір сұлумен танысыпты,КөзіненМөлдіреген көз алмаптыКөргендейТап-таза бір таңғы шықты!– ҚызықтымОймақ ауыз, тәтті ерінге,ШалқыдымКонец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
Вы ознакомились с фрагментом книги.
Приобретайте полный текст книги у нашего партнера:
Приобретайте полный текст книги у нашего партнера:
Полная версия книги
10 форматов

